ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
✔️ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалында болып, жаңа нысанның ішін аралап көрді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров министрге қазіргі жағдайды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
📌– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласы облыс орталығы атанғаннан бері Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылды. Облыс орталығынан «Woosong» университетінің филиалын ашуды биылға жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары қарқынды. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан гранттар бөлу мәселесі бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Біз жастарымыздың сапалы білім алуына барлық мүмкіндіктерді қарастыруға дайынбыз. Оқу орны ақпараттық технологиялар саласының халықаралық деңгейдегі кадрларын даярлауға мүмкіндік беретініне сенеміз, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда. Жаңа ғимаратты биыл маусым айының соңында пайдалануға тапсыру көзделуде. Қазіргі таңда жұмыстар 85%-ға аяқталған. Студенттер үшін жергілікті жеке кәсіпкер есебінен 600 орындық жатақхана құрылысы жүргізіліп, аяқталуға жақын.
✔️Жаңа нысандағы жұмыстармен танысқан Ғылым және жоғары білім министрі оқу орнын білікті кадрлармен қамту мәселесін жіті назарда ұстауды, жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды. Министрлік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті.
✔️ІТ университеті 4 факультеттен тұрады. Нақтырақ айтқанда, студенттер жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау, бағдарламалық қамтамасыз ету, төртінші дүниежүзілік IT өнеркәсіптік революция, мультимедиа және веб дизайн бағыттары бойынша білім алады. Жаңа оқу жылында 2 факультетті ашу жоспарлануда. Жоғарғы оқу орны 2340 студентке дейін қабылдай алады. Студенттер әлемдік деңгейде білім алып қана қоймай, халықаралық тәжірибеден өтуге, еңбек нарығында сұранысқа ие маман атануға мүмкіндік алады. Одан бөлек, «қос диплом» бағдарламасымен білімін Корея елінде жалғастыру, сол елде жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысының әкімдігі мен Корей Республикасының «WOOSONG» білім қоры арасында Түркістан қаласында «WOOSONG» университетінің ақпараттық технологиялар саласында «Вусонг Қазақстан» университетін құру туралы келісім жасалып, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жобаны іске асыру бойынша серіктес ретінде «BOLD Construction Group» ЖШС анықталған. «Түркістан қаласында әкімшілік ғимарат салу» инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде бірлескен қызмет туралы келісім жасалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————–
МИНИСТР НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ ОЗНАКОМИЛСЯ СО СТРОИТЕЛЬСТВОМ IT-УНИВЕРСИТЕТА В ТУРКЕСТАНЕ
✔️Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек посетил Туркестанскую область с рабочим визитом. Он посетил строящийся в областном центре филиал южнокорейского университета Woosong. Аким области Нуралхан Кушеров доложил министру о сложившейся ситуации и ознакомил с проводимой работой.
📌- В рамках поручения Президента Касым-Жомарта Токаева об открытии филиала известных вузов на территории страны в области проводится ряд работ. С тех пор, как Туркестан стал областным центром, был открыт Международный университет туризма и гостеприимства. В этом году планируем открыть филиал университета Woosong. Акиматом области принимаются все необходимые меры по вопросу выделения грантов. Мы готовы рассмотреть все возможности для качественного образования нашей молодежи. Надеемся, что учебное заведение позволит готовить кадры международного уровня в области информационных технологий, – сказал Нуралхан Кушеров.
✔️Данная инициатива реализуется Министерством науки и высшего образования РК совместно с акиматом Туркестанской области. Здание филиала планируется сдать в эксплуатацию в конце июня. Работы завершены на 85%. Ведется строительство общежития для студентов на 600 мест за счет местного индивидуального предпринимателя.
✔️Ознакомившись с работами на новых объектах, министр науки и высшего образования поручил внимательно рассмотреть вопрос обеспечения нового учебного заведения квалифицированными кадрами и завершить работы в срок. Он отметил, что со стороны министерства будет оказана поддержка.
✔️ІТ-университет состоит из четырех факультетов. Студенты будут обучаться искусственному интеллекту и анализу больших данных, программному обеспечению, Четвертой мировой промышленной революции в области ІТ, мультимедиа и веб-дизайну. В новом учебном году планируется открытие двух факультетов. Высшее учебное заведение может принять до 2340 студентов. Они получат возможность не только учиться по мировым стандартам, но и проходить международную практику. Кроме того, программой двойного диплома предусмотрена возможность продолжения образования в Корее и трудоустройства в этой стране.
✔️Отметим, между акиматом Туркестанской области и образовательным фондом Республики Корея WOOSONG в городе Туркестане было заключено соглашение о создании университета «WOOSONG Казахстан» в области информационных технологий и подписан меморандум о сотрудничестве. Партнером по реализации проекта определено ТОО “BOLD Construction Group”. Заключено соглашение о совместной деятельности по реализации инвестиционного проекта “Строительство административного здания в городе Туркестане”.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/997465?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау