МКК кеден қызметтерін алу барысында туындайтын мәселелерге жедел әрекет ету мақсатында “Қызыл түйме” жүйесін енгізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті адам-центрлік тәсілді енгізуді және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды жалғастырып жатқанын хабарлайды.
Осы мақсатта барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «Қызыл түйме» орнатылды — QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК Төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады.
Бұл құрал — кеден қызметтерін алу кезінде туындайтын қиындықтарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.
Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар.
Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.
Кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Сіздің дауысыңыз — тиімді, ашық әрі клиентке бағытталған кедендік әкімшілендіру жүйесін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күші ғана сервистің сапасы мен сенім деңгейін арттыра алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/997417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version