Құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында, Райымбек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен шаралар аясында мопедтер мен мотоциклдерді жасөспірімдердің жүргізуі, буллинг, нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік және жасөспірімдер мен олардың отбасыларының құқықтары мен міндеттеріне қатысты өзекті тақырыптарда Текес ауылында Қ. Шорманов атындағы орта мектепте дәрістер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Жасөспірімдер арасында мопедтер мен мотоциклдерді рұқсатсыз жүргізу мәселесі орта және жоғары сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған лекцияларда кеңінен талқыланды. Шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары, рұқсатсыз көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершіліктер және қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екендігі түсіндірілді.
Мысал: Бір ауылдық округте жүргізуші куәлігін алуға қажетті жасты толықтырмаған бірнеше жасөспірім мопедтерді жүргізгендігі анықталды, бұл бірнеше жол-көлік оқиғаларына әкеп соқты. Дәрісте құқық бұзушылықтардың нақты мысалдары мен олардың салдары келтірілді.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/996642?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау