Оқушыларға арналған семинар: құқықбұзушылықтың алдын алудан бастап салауатты өмір салтына дейін

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 мамырда Зеренді ауданы прокуратурасының бастамасымен Мәдениет үйінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған семинар өткізілді.

Іс-шараға прокуратура, әкімдік, білім бөлімі, аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, Ақмола облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, денсаулық сақтау саласының өкілдері мен спортшылар қатысты.

Семинар барысында қоғамдағы қауіпсіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланып, есірткіге қарсы күрес және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік тақырыптарында бейнематериалдар көрсетілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында семинарға ІІМ кубогының иегері, қазақ күресінен облыстық және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Еламан Қайыргелдинов пен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік Универсиада қатысушысы Эльмира Мұтағарова шақырылды.

Сондай-ақ ТЖ бөлімінің, су-құтқару қызметінің және аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері су айдындарында, орманда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері және жыныстық тәрбие бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

#Заң_мен_Тәртіп

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/997037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version