Қазақстан СІМ басшысы Әзербайжан Президентінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі өкілімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжан Республикасы Президентінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі өкілі Халаф Халафовпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін талқылап, одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Өңірдегі ынтымақтастықты нығайту бойынша көпжақты құрылымдар, атап айтқанда бірлескен тәсілдерді қалыптастыру үшін тиімді алаң – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

М.Нұртілеу Қазақстан АӨСШК негізін қалаушы ел ретінде оның қызметіне ерекше мән беретінін және Кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға бағытталған Әзербайжан төрағалығының (2024-2026 жж.) бастамаларын жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сонымен қатар тараптар АӨСШК Жарғысының жобасын келісуді қоса алғанда, ұйымның стратегиялық міндеттерін іске асыру жөніндегі ағымдағы прогресті және одан әрі жоспарларды талқылады, сондай-ақ осы алаңның практикалық қызметін жандандыру шараларын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша байланыстарды қолдауға және АӨСШК шеңберінде өзара іс-қимылды нығайтуға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/997516?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version