«Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде Қосшы қаласының прокуратурасы Бас прокуратура, Ақмола облысы прокуратурасы өкілдерінің, пробация қызметінің, жергілікті атқарушы органдарының және Ақмола облысы бойынша отбасын қолдау орталығының қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырды.
Іс-шара пробация есебінде тұрған адамдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған. Шартты түрде сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге кешенді көзқарас, олардың мінез-құлқын бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар үнемі тәжірибе және ақпарат алмасуға келісті.
Прокуратура бұдан әрі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қайталанған қылмыстардың алдын алу мақсатында мүдделі құрылымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға ниетті.
#Заң_мен_Тәртіп
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/997031?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау