Қостанай темір жол станциясында көлік полицейі мен студент суицид жасамақ болған азаматты құтқарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 14 мамырда сағат 17:10 шамасында Қостанай теміржол станциясында қайғылы оқиға орын ала жаздады. Перронды күзетіп жүрген Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің патрульдік полицейі Арсен Әбілмажинов жаяу жүргіншілер көпірінде ер адамның күмәнді әрекетін бірден байқады. Ол көпірдің қоршауынан асып, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны сыңайлы.

Полиция кіші сержанты Әбілмажинов бір сәт те ойланбастан көпірге қарай жүгірді. Сол сәтте көпірдің үстінде 18 жастағы Аян Карбаев есімді жаяу жүргінші келе жатқан еді. Полицейдің «Ұста оны!» деген дауысы естілгенде, жас жігіт өз қауіпсіздігін ойламай, асқан жылдамдықпен ер адамның қолынан шап беріп, ұстап қалды.

Ер адамның қарсыласқанына қарамастан, оқиға орнына дереу жеткен полицей бар күш-жігерімен қоршаудың арғы жағында тұрған азаматты қауіпсіз жерге шығарып алады. Арсен шарасыз күй кешкен азаматты тыныштандырғаннан кейін полицияның кезекші бөліміне хабар берді.

Бірден оқиға орнына тергеу-жедел тобы мен Қостанай станциясының ЖПб басшылығы келді. Тексеру барысында, 29 жастағы қала тұрғынының ауыр эмоционалды күйде болғандығы белгілі болды. Қостанай станциясының ЖПб қызметкерлері күйзеліске ұшыраған азаматқа психологиялық көмек көрсетіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын бастады.
Тәртіп сақшысы мен студенттің бұл жанкешті әрекеттері бірлескен әрі батыл қадамның жарқын үлгісі болды.

2024 жылғы тамызда ішкі істер органдарына қызметке орналасқан Арсен Серікұлы Әбілмажинов тек кәсібилігін ғана емес, сонымен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерін көрсете білді. Қажет кезде шұғыл шешім қабылдай білудің арқасында бір адамның өмірі аман қалды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті Аян Төлегенұлы Карбаевтың да тәуекелге бел бууы ерекше құрметке лайық. Ол қиын сәтте көмек қолын ұсынды.

Департамент басшылығы патрульдік полицейі Арсен Әбілмажинов пен Аян Карбаевтың іс-әрекетін жоғары бағалады. Алдағы уақытта оларды көрсеткен ерлігі, қайсарлығы және белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау туралы шешім қабылдамақ.

Бұл оқиға әр адамның өмірі баға жетпес байлық екендігін және осы өмірді сақтауға ортақ жауапкершілік бар екенін тағы да еске салады. Көмек уақтылы тек жанашырлықпен әрекет ету арқылы ғана келетінін ұмытпаған абзал.

Көпшілікке айналасындағы адамдарға мұқият болуды, басқалардың қиыншылықтарына бейжай қарамауды және қажет болған жағдайда тиісті мамандарға көмек сұрауға батылдық танытуға шақырамыз. Қиын сәттерде бірге біз мықтымыз және өмірлерді сақтап қала аламыз.
Арсен мен Аянның бірлесе атқарған жанашырлығы біздің қоғамымызды ізгілікке әрі мол адамгершіліке тәрбиелейді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/997434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version