Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен өткен актив отырысында IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларды орындау және аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды.
Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы Мұса Хайруллиев және облыстық, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» қағидатын басшылыққа ала отырып, жаңа экономикалық саясат, заң мен тәртіпті сақтау, идеологиялық жұмыстарды нығайту, қоғамдық мәдениетті көтеру мәселелеріне тоқталды.
Облыс әкімі Серік Шәпкенов «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» жобасын іске асыру аясындағы жұмыстарды баяндады. Бұдан бөлек, 2026-2029 жылға қарай Атырау облысында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторлармен 7 меморандумға қол қойылып, 8 инвестициялық жобаны іске асырылатындығын атап өтті.
Шарада облыстық мәслихат депутаты Арман Хайруллин жастарды есірткі мен лудомания сияқты қауіпті кеселден сақтау және қазақ қоғамындағы отбасы құндылығына қатысты ұсынысын ортаға салды.
#атырауоблыстықмәслихаты
#мәслихатдепутаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/996647?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау