«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында орталық арбатта «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді, оған 11 жұмыс беруші 53 бос жұмыс орнын ұсынды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға жұмыссыздар, NEET санатындағы жастар, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сондай-ақ қала мектептерінің түлектері қатысты.

🔹 Қатысушылар келесі мәселелер бойынша кеңес алды:
* Жұмысқа орналасу;
* Алимент алу;
* Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру;
* Оқыту және қайта даярлау;
* Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек алу.

🔸 Enbek.kz порталының таныстырылымы:
* Mansap Kompasy бөліміне толық шолу.

📌 Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің нәтижелері:
* 3 адам тұрақты жұмыс орнына жұмысберушімен сұхбатқа жіберілді;
* 1 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында сұхбатқа жіберілді;
* 3 адам кәсіби қайта даярлау курстарынан өтуге ниет білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/996624?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version