2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.

  Санақ екі кезеңнен өтеді: Бірінші кезең  2025 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін  Көкшетау, Қосшы, Степногорск, Ерейментау, Степняк, Ақколь,  Щучинск, Атбасар, Макинск, Есіл, Державинск қалаларында өтеді.

Ауыл шаруашылығы санағының  екінші кезеңі 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен жүргізіледі;
 – содан кейін санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.

Санақ объектілері жер және егістік алқабы; ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны; ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары; өндірістік ғимараттар мен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды ұстауға арналған үй-жайлар; ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen/press/news/details/995488?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version