Бразилиа, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Федералдық үкімет жанындағы Рондония штаты өкілдігінің басшысы, хатшы Шейла Шнайдер ханыммен кездесті.
Келіссөздердің күн тәртібіне Қазақстан мен Бразилияның Рондония штаты арасындағы экономика, сауда, ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері енді. Осы штатта орналасқан компаниялармен агроөнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды.
Бразилияның федералды құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы және Рио-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.) тәрізді Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасында серіктестік байланыстар орнатылған.
Биылғы жылы Бразилияның Санта-Катарина штаты мен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда.
Анықтамалық: Рондония штаты Бразилияның батысында орналасқан. Рондонияның экономикасы, оның ауыл және мал шаруашылығы мен тау-кен өндірісіне негізделген. Штатта кофе, какао мен ағаш өсіріледі және өндіріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/995752?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау