Бүгін халықаралық отбасы күніне орай облыстық «Отбасы ағашы» акциясы өтіп, оның аясында «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауы бастау алды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан бастап өткізіледі. Конкурстың мақсаты – адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау болып табылады.
“Отбасы ағашы” акциясына – “Мерейлі отбасы-2024” облыстық кезеңдерінің жүлдегер отбасылары мен «менің жанұям» атты отбасылық конкурс қатысушылары шақырылып, барлығы 20 жуық отбасыны құрады.
Сонымен қатар, «Отбасы ағашы» облыстық акциясына «Ақмола облысы аналар кеңесі», «Әкелер одағы», «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігі, Ақмола облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі, Ақмола облысының “Шанс” кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығы, «Мерейлі отбасы-2024» байқауының жеңімпаздары,«Ақмола облысы Іскер әйелдер қауымдастығы», «Ақмола облысы әйелдер күші альянсы», «Ана үйі» ресурстық орталығы, алтын алқа, күміс алқа иегерлері атанған аналарымыз, көп балалы отбасылар қатысты. Отбасы ағашы акциясына 20 ға жуық отбасы қатысып, 100-ге жуық шыршалар егілді.
Акция «менің жанұям» атты отбасылық конкурспен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/996282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version