Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев “Семей орманы” МОТР” РММ жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Министр резерват ұжымымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шарада орман шаруашылығын дамыту бойынша қабылданған шаралар туралы ҚР ЭжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов баяндама жасады. Кездесуде биылғы жылы резерваттың 9 филиалында өрттерді ерте анықтау жүйесін енгізу, Семей филиалында Орман тұқымбағы және орман тұқым станциясы кешенін салу, орман өрттері пайда болған кезде хабарлау жүйесін күшейту, 2023 жылы ірі орттерден зардап шеккен аумақтарының жүйелі орман патологиялық зерттеулер мен мониторинг әзірлеу және жүргізу мәселелері талқыланды.
Сапар барысында Ерлан Нұралиұлы Бородулиха филиалының Камышен орманшылығының орман өрт сөндіру станциясына барып, орманшылықтың 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексерді. Сонымен қатар, Министр Камышенка орманшылығында орман өрттерін ерте анықтау жүйесін орнату орнына барып, жұмыс барысымен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша Ерлан Нұралиұлы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/995502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version