Құрметті аудан тұрғындары, 2025 жылдың 18 мамыр күні сағат 19:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-нің ұйымдастыруымен халықаралық музей күніне орай «Отырар өткенге саяхат түні» атты тақырыбында музей-түні іс-шарасын өткізу жоспарлануда.
Іс-шара барысында музей өз келушілері үшін мәдени-танымдық қойылымдар, бұқаралық спорттық іс-шаралар, викториналық ойындар, шеберлік сағаттарын өткізеді. Аталған іс-шараға қатысып, тамашалауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/996326?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау