Бүгінде алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Соның бірі – профилактикалық түсіндірме жұмыстары. Бүгін Департамент қызметкерлері арасында өткен құқықтық семинарда интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және олардан қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, алаяқтардың жиі қолданатын әдістеріне нақты мысалдар келтірілді. Интернет-алаяқтардың құрбаны болып қалудың алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kyzylorda/press/news/details/995578?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау