Кербұлақ ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған үлкен мерекелік іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кербұлақ ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған үлкен мерекелік іс-шара өтті

Кербұлақ ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында соғыста қаза тапқан ардагерлерді еске алу рәсімі өтті — гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Мерекелік бағдарлама аудандық мәдениет үйі мен Сарыөзек ауылы мектептерінің шығармашылық қойылымдарымен жалғасты. Сонымен қатар, тұрғындарға 80 жылдыққа арналған арнайы мерекелік ленталар мен төс белгілер табысталды.

Аталған іс-шараға шамамен 2000 адам қатысты. Бұл – аудан тұрғындарының тарихқа деген құрметінің және бірлігінің айқын көрінісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/995482?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version