Мемлекеттік қызметшілерге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу тәртібі түсіндірілді  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамырда мемлекеттік қызметшілер Академияға оқуға түсу тәртібі, қабылдау ережелері, оқу бағдарламалары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпараттандырылды. Сонымен қатар, қатысушылар магистратура мен докторантура бағдарламаларының ерекшеліктерімен, құжат тапсыру тәртібімен және іріктеу кезеңдерінің мазмұнымен танысты.

Академияға түсу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ж.Қ. Буканова және оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А. Масенова жүргізді.

Шара барысында мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап беріліп, Академияда білім алудың артықшылықтары мен мансаптық өсуге ықпалы туралы нақты мысалдар келтірілді.

Бұл кездесудің мақсаты – мемлекеттік басқару саласындағы білікті мамандарды даярлау және қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыру.

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен айналысатын ұлттық деңгейдегі жетекші оқу орны.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/996453?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version