Менің отбасым

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 мамыр күні Мостик ауылдық кітапханасында «Менің отбасым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ауылдағы кішкентай суретшілер белсенді қатысты. Балалар өз отбасыларының бейнесін қағаз бетіне шеберлікпен түсіріп, ерекше туындылар ұсынды. Қатысушылардың жұмыстарында отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік, мейірімділік және бірлік сезімі көрініс тапты. Байқау соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, олардың еңбектері кітапхана қабырғасында көрме түрінде қойылды.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/996199?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version