Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің 93-бабының 1 бөлігіне сәйкес наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
«Мемлекеттік наградалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығын пайдаланады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растайтын құжаттар болған кезде жүгінген күннен бастап ағымдағы ай үшін және осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталатын кезеңге жүргізіледі.
Әлеуметтік кодекстің 94-бабы негізінде наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай:
«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 айлық есептік көрсеткіш;
«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/995099?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау