Назар аударыңыздар: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан “Балалар лагерьлері туралы бәрі” айдары басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жазғы демалыс таяп келеді, мыңдаған бала лагерьге барып демалады. Бұл демалыс тек көңілді ғана емес, қауіпсіз де болуы үшін Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалар мен отбасылық демалысты ұйымдастырумен айналысатындарға арналған ақпараттық айдарды бастайды.
Бірінші тақырып – лагерь орналасатын жерді таңдау және дайындау.
Болашақ лагерьге орын таңдағанда ең бастысы – қауіпсіздік пен жайлылық. Жер құрғақ, жақсы желдетілетін және ластану көздерінен – мысалы, өндірістік кәсіпорындардан, қарқынды жолдар мен теміржолдардан – алыс болуы қажет. Жайлылық та маңызды: лагерьге жақсы жолдар тартылуы керек, ал су – ішуге жарамды болуы тиіс.
Балалар лагерьлерін гараждар, автотұрақтар, магистральдар және балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін басқа да нысандарға жақын жерге орналастыруға болмайды. Лагерь аумағында оның қызметіне тікелей қатысы жоқ ғимараттар мен нысандар болмауы қажет.
Сонымен қатар аумақты дұрыс бөлу маңызды: балалар тұратын және демалатын аймақтарға бөгде адамдар мен шаруашылық қызметкерлерінің кірмеуі тиіс. Мұндай тәсіл балалар үшін барынша жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Біздің жарияланымдарымызды бақылап отырыңыздар — балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру ережелері туралы әлі талай пайдалы ақпаратпен бөлісеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/995653?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version