Өрт қауіпсіздігінің 9 ережесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іле ауданының ТЖБ қызметкерлері Өтеген батыр ауылында орналасқан «Болашақ-кемеңгер» жекеменшік балабақшасының тәрбиеленушілері үшін танымдық іс-шара өткізді.

Кездесу барысында балалар мен тәрбиешілерге «Өрт қауіпсіздігі», «Өрт қауіпсіздігінің 9 ережесі», «Сіріңке — балаға ойыншық емес!», «От — тілсіз жау» тақырыптары таныстырылды.

Іс-шара қатысушыларына өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндіріліп, жазатайым оқиғалардың, соның ішінде балалардың терезеден құлауын болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, балабақша тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері өрт сөндірушілердің жұмысы туралы ақпарат алып, арнайы киімдер мен жабдықтармен танысты және ТЖБ қызметкерлерімен тікелей әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды. Тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, өрт қауіпсіздігі жөнінде жадынамалар таратылды.

Іс-шараның мақсаты — балалар мен ересектерде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, өрттің алдын алу және балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/994959?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version