«Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионатының қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионаты 2025 жылғы 13 мамыр күні Астана қаласында өтті. Шара ұйымдастырушылары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана Дарын» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы, «Robotek» робототехника мектебі.

Чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Молдова, Болгария, АҚШ елдерінен 200-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Барлығы Қазақстан Республикасынан 200 қатысушы және шетелден 37 қатысушы қатысты.

Чемпионатта 7 санат бойынша Павлодар облысын 7 команда таныстырды:

1.«Роботек» (команда «J34» – Хамза Төлебай, Хамза Айару, Баянауыл ауданы М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ оқушылары);
2.«Инверстік сызық бойымен жарыс» (команда «Абай» – Қасымжан Нұрғиса, Ашен Айнар Ертіс ауданы Абай жалпы орта білім беру мектебінің мектебінің оқушылары);
3.«Жеткізуші робот» (команда «Runner» – Каирденов Рахат, Егеубай Рауан, Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары);
4.«Мерген» (команда «J75» – Назымхан Ернар, Казтаев Казбек, Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары);
5.«РобоБаскетбол» (команда «Bayanaul-1» Дүйсенбек Елдар, Баян Ислам, Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ, М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ мектептерінің оқушылары);
6.«Туды жеткізу» (команда «Bayanaul-2» – Нұрлыбекұлы Аманжол, Асқар Еламан (Баянауыл ауданы З.Ақышев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары);
7.«Сұрыптаушы робот» (команда «PK-87» – Камен Бауыржан, Пәзіл Ақберен, (Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы , З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары).

Чемпионат қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдарымен және күміс медальдарымен «Абай» командасы – Қасымжан Нұрғиса, 7 сынып, Ашен Айнар, 5 сынып Ертіс ауданы Абай ат. жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары иеленді. ІІІ дәрежелі дипломдарымен және қола медальдармен «Runner» команда – Каирденов Рахат, Егеубай Рауан, 6 сынып Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары және «J34» командасы – Хамза Төлебай, 4 сынып, Хамза Айару, 3 сынып, Баянауыл ауданы М.Ж.Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары иеленді. Әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/995345?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version