WorldSkills, AgroSkills және Abilympics аймақтық чемпионаттарының алғашқы сайыс күні басталды. 13-15 мамыр аралығында 28 колледжден 170-ден астам қатысушы 38 құзыреттілік бойынша өз таланттары мен дағдыларын көрсетеді. Чемпионат Өскемен қаласындағы құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждердің базасында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, білім, өндіріс және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы мен транспорт сияқты бағыттар бойынша өтуде.
Көңіл-күйлері құлшыныс пен жеңіске деген ынтаға толы қатысушылар алғашқы конкурс тапсырмаларын орындауға кірісіп кетті.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев сайыс алаңдарына барып, чемпионат барысымен танысты. Ол студенттердің кескіндеме-сәндік, сылақ жұмыстары, кірпіш қалау, дәнекерлеу, плиткамен қаптау, сантехникалық жұмыстар бағыттарындағы жұмыстарын бақылады.
Чемпионат аясында мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру шаралары да ұйымдастырылуда. Қатысушылар сайысты бақылап, кәсіби сынақтарға қатысады. Бұл іс-шаралар оқушыларға түрлі мамандықтармен танысуға, дағдыларын дамытуға және болашақ мамандығын анықтауға көмектеседі.
Алда әлі бірнеше конкурс күндері бар, қатысушылардың қайсысы ең үздік нәтижелер шығаратынын асыға күтеміз. Чемпионаттың қорытындысы бойынша өз дағдыларын республикалық деңгейде көрсететін жеңімпаздар анықталады.
Барлық қатысушыларға кәсіби шеберлік жарысында сәттілік пен шабыт тілейміз!
#жұмысшымамандықтаржылы
#годрабочихпрофессий
#ТЖКБ
#talap
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/994909?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау