WorldSkills Astana-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты астанада оныншы рет өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 16-30 мамыр аралығында WorldSkills Astana-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионат аясында 15 астаналық колледждің алаңдарында келесі мамандықтар бойынша көшбасшылар анықталады: кірпіш қалау, прототиптеу, кондитерлік іс, ақпараттық кабельдік желілер, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету, мейрамхана қызметі, дәнекерлеу технологиялары, желілік және жүйелік әкімшілендіру, наубайшылық, станоктармен токарлық жұмыстар, құрғақ құрылыс және әрлеу жұмыстары, CAD инженерлік графикасы, бизнесте IT шешімдер, шаштараз ісі, аспаздық, веб-технологиялар, графикалық дизайн, сән технологиясы, мобильді робототехника, бастауыш сыныптарды оқыту, кузовтық жөндеу, мобильді қосымшаларды әзірлеу, өндірістік автоматика, мехатроника, сантехника және жылу, электр монтажы, бояу және декоративті жұмыстар, плиткалармен қаптау, ағаш өңдеу, кәсіпкерлік, станоктармен фрезерлік жұмыстар, E-mobility, қонақ үй әкімшісі, флористика, компьютерлік ойындарды 3D модельдеу, мобилография, интернет-маркетинг, балабақша тәрбиешісі, дене тәрбиесі және спорт, видеомонтаж, бұлттық бағдарламалау, электровозды басқару, теміржол тасымалдау процесін басқару, ақпараттық модельдеу технологиясы, мебель шығару және басқа да мамандықтар.

Чемпионатқа 300 студент, 250 сарапшы және 4000 қонақ қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, Abilympics (Абилимпикс) кәсіби шеберлік сайыстары өтеді, оның ішінде Deafskills (есту қабілеті бұзылған студенттер үшін) және Jasskills (мектеп оқушылары арасында).
Бұл чемпионат Астанада оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Қалалық конкурс жеңімпаздары осы жылдың күзінде өтетін WorldSkills Kazakhstan-2025 ұлттық чемпионатына қатысады.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар кәсіби білім беру саласын дамытуға бағытталған бірнеше маңызды іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында «100 профильді класс» жобасы аясында мектеп оқушыларының слеті, 8 бағыт бойынша: сервис (асхана ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина, сондай-ақ, 2025 жылы өтетін CHOCOLATINE KAZAKHSTAN республикалық чемпионаты, колледждерде әлеуметтік әріптестермен экскурсиялар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/996211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version