Ағымдағы жылдың 8 мамыр, Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық екінші сессиясының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 8 мамыр, Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық екінші сессиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. 2025 жылға арналған Жақсы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
2. Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Жақсы ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.
4. «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы шешімдері қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/994295?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version