Елордалық ТЖД қызметкерлері «Аружан» сауда ойын-сауық орталығында балалар қауіпсіздігі тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара аясында балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне, табиғатта өзін-өзі ұстау, терезеден құлау қауіпсіздігіне және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге үйретуге ерекше назар аударылды. Терезеден құлауды болдырмау – бұл өзекті мәселелердің бірі. Ата-аналарға терезелерге бекіткіш орнатудың маңыздылығы және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттілігі кезекті рет еске салынды.
Балаларға арналған интерактивті оқу алаңдары, ойын-викториналар және құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің көрсетілімдері өткізілді. Балаларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, құтқару қызметін шақыру алгоритмі және алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйретуге ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақ пен олардың ата-аналарының қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға ықпал етеді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/994788?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау