Кіріспе
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Өскемен қаласында 2025 жылдың 15 мамырынан бастап 15 маусымына дейін конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау басталады.
Өтінімдерді Қағидалардың қосымшасына сәйкес үлгі бойынша, қағаз немесе электрондық нұсқада қалалық комиссияға беруге болады. Қабылдаудың соңғы күні 2025 жылдың 15 маусымы.
Өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады:
– Чехов көшесі, 33, 4 кабинет мекенжайы бойынша;
– 265119ops@mail.ru электрондық поштаға;
Қосымша сұрақтар бойынша 8-7232-26-47-68 нөмірі бойынша хабарласуға немесе 8-705-526-16-40 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы жазуға болады.
2025 жылғы 30 маусымға дейін (қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде) аудандық (қалалық) комиссия алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырып іріктеу жүргізеді және екі отбасын айқындайды.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ – ОБЛЫСТЫҚ (РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА, АСТАНА):
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялары 2025 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап ұсынылған құжаттарға қосымша тексеруді жүзеге асырады, іріктеу жүргізеді және бір жеңімпаз отбасын айқындайды, содан кейін 2025 жылғы 17 шілдеге дейін өз шешімдерін конкурстық құжаттармен ұйымдастыру комитетіне жібереді.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялары бір жеңімпаз отбасын айқындау жөніндегі шешім қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындылары туралы конкурс комиссиясының хаттамасынан үзінді көшірмені ұсына отырып, конкурс жеңімпаздарын және конкурс жеңімпаздары деп танылмаған қатысушыларды хатпен хабардар етеді.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ:
- Ұйымдастыру комитеті облыстық (республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап 2025 жылғы 31 шілдеге дейін жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындайтын заңды тұлғаға материалдар жібереді.
- Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі 2025 жылғы 12 қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында диплом және айрықша белгі (мүсінше) табыс етіле отырып, салтанатты жағдайда өтеді.
- “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы
- “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына қосымша
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/994320?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау