Бүгін Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, Денсаулық сақтау басқармаларының, Білім басқармаларының және олардың аудандық бөлімшелерінің жауапты мамандарына арналып оқыту семинары өткізілді.
Мамандар стандарттың негізгі өзгерістерін, тамақтану сапасын бақылау жүйесін, сондай-ақ теңдестірілген мектеп мәзірін құру принциптерін талқылады. Мектептегі ас блоктарының қызметіне және тамақтану қызметтерін жеткізушілермен жұмыс кезінде стандартты енгізудің практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында 78 қатысушыға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/994454?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау