ТҮРКІСТАНДЫҚ САЗГЕР САУРАНБЕК ЕЛЕУОВ – 70 ЖАСТА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін мәдениет қайраткері, композитор, өнертану ғылымының доценті, жерлесіміз – Сауранбек Елеуов 70 жасқа толып отыр.
Мерейлі мерекесі қарсаңында қала әкімінің қаулысымен «Түркістан қаласына сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен марапатталды.
Сауранбек Еркінбекұлы — 80-ге жуық әннің, 35-тен астам ғылыми мақаланың және бірнеше оқу-әдістемелік құралдың авторы. Ұлағатты ұстаз ретінде де өнер мен білім саласына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Сазгердің «Апатайым анашым», «Туған жер», «Армысыңдар, адамдар», «Түркістан», «Айдында жүзген аққулар», «Домбыра сазы», «Бесік жыры», «Ардагер қарттарым-ай», «Айналайын» сияқты туындылары халықтың жүрегінен берік орын алған.
Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сазгерді арнайы құттықтап, ел руханиятына қосқан үлесі үшін алғыс пен сый-құрмет көрсетті.
Мерейтой иесіне зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен ұзақ ғұмыр тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/994397?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version