«Жас маман-2025» аудандық байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 30 сәуірінде «Малубинка орта мектебі» КММ базасында «Жас маман-2025» аудандық байқауы өтті.

N1 Белоусовка орта мектебінің әдістемелік және шығармашылық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетіп, 3 жылға дейінгі тәжірибесі бар 7 жас маман қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша биология пәнінің мұғалімі Қайырдынова А.Е. 1 орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлібекова Ә.Р. 3 орынға ие болды.

Математика пәнінің мұғалімі Сагдиев А.Е. «Білім жанашыры» аталымын иеленді, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Минеева М.О. «Өз ісінің шебері» аталымын алды, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Худякова Д.И. «Шығармашыл ұстаз» аталымының иегері атанды. «Креативті ұстаз» аталымы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Булатов Е.Р., «Алғыр ұстаз» аталымы бойынша химия пәнінің мұғалімі Тоқтарбекова А.Е. марапатталды.

Жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/994601?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version