Мемлекет жалдамалы тұрғын үй бағдарлама қатысушыларына тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды.
Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды.
Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың жалпы санының 81%-ы.
Нәтижесінде 647 адамға несие берілді, 321 адам баспана іздеу үстінде.
Қалған қатысушылардың төлем қабілеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/994461?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау