⚜️Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде және аудан әкімінің өкімімен Әбішев Айбек Каирбекұлы Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде және аудан әкімінің өкімімен Әбішев Айбек Каирбекұлы Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.

Айбек Қайырбекұлы 1976 жылдың 9 мамырында Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының №1 полиция бөлімінде бастаған.

Мемлекеттік қызмет саласында 2007 жылы Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізушісі, 2007-2011 жылдары Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2011-2013 жылдары Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2013-2017 жылдары Қайыңды ауылдық округінің әкімі, 2017-2021жылдар аралығында Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарса, 2021 жылдың 27 шілдесінен бастап Өрнек ауылдық округінің әкімі ретінде қызмет атқарған.

Отбасылы, 5 бала тәрбиелеуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-akyrtobe/press/news/details/1000422?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version