2025 жылдың 20 мамырында мәслихат төрағасы А.Рамазановтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХХV сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі С.Нсанбаев, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжанов, аудан әкімінің орынбасары Ә.Оразғалиев, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, кент және округ әкімдері, сондай-ақ БАҚ өкілі қатысты.
Ұсынылған мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында тыңдалды.
Сессияның күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Қонасованың «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» баяндамасы, Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжановтың «2024 жылғы Индер аудандық бюджетінің атқарылуы туралы Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі», аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, қаржы, жергілікті салықтар мен алымдар, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ә.Карашинаның «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі бойынша қорытынды баяндамасы», кент және ауылдық округ әкімдерінің «2024 жылға арналған Индербор кенті және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы» баяндамалары тыңдалды.
Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылап, баяндамашыларға сұрақтарын қойып, сессия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1000035?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау