Бәйтерек ауданы тұрғындарының назарына!
Аудандық мәслихаттың кезекті 22 сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн көрсетілім өтеді.
Басталуы: 2025 жылғы 29 мамырда сағат 11 : 00-де.
Бәйтерек ауданы мәслихаты төрағасының шешімі
Переметный ауылы №22 2025 жылғы 19 мамыр
Аудандық мәслихаттың кезекті
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 – бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Бәйтерек ауданы мәслихатының кезекті 22-ші сессиясы 2025 жылдың 29 мамырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында сағат 11:00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:
- Аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- Ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.
- Білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени және жастар саясаты, ұйымдастыру және құқық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі туралы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Н.Хайруллин
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayterek/press/news/details/998551?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау