Целиноград ауданындағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының әкімдігінде аудан әкімі Дарын Сабырғалидің төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті.

Жиналыс кадрлық тағайындаулар туралы хабарландырудан басталды. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Целиноград ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы болып Айдарқұлов Сұлтан Айдарқұлұлы тағайындалды. Бұған дейін ол осы бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жаңа басшысы ретінде Амангелді Бақытбекұлы Ахынов таныстырылды. Ол бұған дейін Қосшы қаласы әкімдігінде аталған бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Аудан әкімі жаңадан тағайындалған басшыларды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, олардың қызметіндегі басты басымдықтарды атап өтті — жер мәселелеріндегі ашықтықты қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, халықпен тиімді кері байланысты нығайту.

Жиналыс барысында аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің өзекті мәселелері де қаралды. Қорытындылай келе, аудан әкімі ағымдағы жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейту, сондай-ақ жергілікті деңгейде тиімді жұмысты қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/998582?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version