Ағымдағы жылдың 20 мамырында аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс тобы Пригородное ауылының аббаттандыру жағдайымен танысты . Жұмыс тобының мүшелері ауылдың мәдениет үйіне, Мектепке, кейін өткен жылдың көктемгі су тасқынынан қираған үйлерге барды.
Жұмыс тобының мүшелері ауылдық әкімдіктің абаттандыру және көгалдандыру бойынша атқарған жұмыстарымен танысып алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен ұсынымдар аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысының қаулысына енгізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1000404?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау