КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КЕЛЕС: АБАЙ АУЫЛЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
 
Келес ауданының орталығы – Абай ауылы аумағында күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – елдімекен аумағының тазалығын қамтамасыз етіп, қолайлы экологиялық ахуалды сақтау болып табылады.
Аудан орталығында бүгін де санитарлық тазалық шаралары жалғасын тапты. Атап айтқанда, ауыл ішіндегі орталық көшелердің бойында орналасқан арық жүйелері (латоктар) қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, көше бойындағы ағаштарды кесу және бұтау жұмыстары жүргізілді. Бұл – көріктендіру мен қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстардың бір бөлігі.
 
Аталған іс-шараларға «Келес қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 15-ке жуық жұмысшы тартылып, қажетті арнайы техника мен құрал-жабдықтар қолданылды. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, көше эстетикасын жақсарту және экологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында санитарлық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле береді.
 
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1001145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version