Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау аясында Ақмола облысында тұтыну нарығында сатылатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне мониторинг жалғасуда.
2025 жылдың алғашқы төрт айында мамандар тағамдық және тағамдық емес өнімдердің 434 үлгісін алып, зерттеді. Зертханалық сынақтардың нәтижесі бойынша 75 үлгіде (жалпы тексерілген өнімдердің 17,3%-ы) белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталды.
Зерттелген үлгілердің ішінен 369 тағамдық өнімдерге тиесілі. Оның ішінде 31 үлгі (8,4%) нормативтерге сәйкес келмеді. Ең көп бұзушылықтар ет және ет өнімдерінде, соның ішінде шұжықтарда тіркелген: 173 үлгінің 9-ы талаптарға сай болмады.
Сондай-ақ, сүт өнімдерінде (74 үлгінің 10-ы), кулинарлық бұйымдарда (9 үлгінің 3-і), кейбір жемістерде, көкөністерде, шырындарда және макарон өнімдерінде сәйкессіздіктер анықталды.
Сонымен қатар, балық және балық өнімдері, майлы өнімдер, құс етінен жасалған бір үлгі де сапасыз деп танылды.
Тағамдық емес өнімдерге қатысты жағдай ерекше алаңдаушылық тудырады. 65 үлгінің 44-інде (66,7%) бұзушылықтар анықталған. Әсіресе, балаларға арналған тауарлар (соның ішінде ойыншықтар) бойынша жағдай мәз емес: 44 үлгінің 40-ы белгіленген талаптарға сай келмеді.
Сондай-ақ, синтетикалық жуу құралдары мен адамның терісімен жанасатын тоқыма өнімдерінде (киім, аяқ киім және т.б.) де сәйкессіздіктер анықталған.
Өнімдердің шыққан елін талдау көрсеткендей, ең көп бұзушылықтар ЕАЭО құрамына кірмейтін елдерден келген тауарларда тіркелген: 79 үлгінің 42-сі (53,2%) талаптарға сәйкес келмеді. Әсіресе, тағамдық емес өнімдер бойынша көрсеткіш жоғары — 43 үлгінің 37-сі (86%) қауіпті немесе сапасыз деп танылды. “Үшінші елдерден” келген тағам өнімдерінде 36 үлгінің 5-інде (15,6%) сәйкессіздік анықталған.
Салыстыру үшін: отандық өндірушілердің өнімдері ең төменгі бұзушылық деңгейін көрсетті — 48 үлгінің 3-і (6,3%) ғана талаптарға сай болмады, оның барлығы тағамдық емес тауарлар болды. ЕАЭО мүше мемлекеттерінің өнімдері орташа деңгейдегі сәйкессіздікті көрсетті — 307 үлгінің 30-ы (9,8%).
Анықталған барлық бұзушылықтар бойынша жедел шаралар қабылданды. Өнімді айналымнан алып тастау және кері қайтарып алу бойынша 23 қаулы шығарылып, барлығы орындалды. Нәтижесінде тұтыну нарығынан 182 бірлік тағам өнімі алынған және жеткізушілерге қайтарылған — бұл 22,2 кг және 128,1 литр, жалпы сомасы 123 362 теңгені құрады.
Санитариялық қызмет азаматтарды тауар таңдауда мұқият болуға шақырады: таңбалауға, шыққан еліне және сертификаттарының болуына, әсіресе балаларға арналған өнімдерді сатып алу кезінде, назар аудару қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1000224?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау