МУЗЕЙ ТҮНІ – ӨТКЕНГЕ САЯХАТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен дәстүрлі «Музей түні» халықаралық акциясы өтті. «Отырар: Өткенге саяхат түні» тақырыбымен өткен шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК директоры Жандосов Айбек Қыстаубайұлы қатысып, қонақтар мен қатысушыларға тарихи құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған шараның маңыздылығын атап өтті.
Шара аясында тарих тереңіне жетелеген тақырыптық көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастырылып, жас ұрпақтың зияткерлік қабілетін шыңдаған танымдық викториналар, ұлттық болмысқа терең бойлатқан деректі фильмдер көрсетілімі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, ұлттық ойындар мен этнографиялық көріністер әсерлі кештің шырайын кіргізді.
Мерекелік кеште музей ісіне сіңірген еңбегі үшін музей ардагерлері мен қызметкерлеріне арнайы марапаттар табысталды.
Тарихи-танымдық тұрғыдағы музей түні мерекелік іс-шарасына қатысқан көпшілік түнгі тұнық аспан астында әуелеген әсем әндерге құлақ құрыштарын қандырып, театрландырылған көріністер мен музей жәдігерлерімен зейін қоя танысып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
«Музей түні» – бұл бір түндік шара емес, бұл – тарих пен келешекті жалғайтын алтын көпір.
Келген әрбір қонақ өзімен бірге рухани байлық, тарихи мақтаныш және ұлттық болмысқа деген терең құрмет сезімін ала кетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/999204?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version