Сотталғандардың бірінің ата-анасынан келіп түскен өтінішке байланысты және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша, Саумалкөл ауылында орналасқан №51 (ең жоғары қауіпсіздік режимі) мекемеге жоспардан тыс баруды жүзеге асырдым.
Сапар барысында мекемеде жоспарлы тінту шаралары жүргізілгені анықталды. Бұл ретте тыйым салынған сегіз ұялы телефон табылып, тәркіленді. Осыған байланысты 8 сотталған қолдарын, білектерін және денелерінің басқа да бөліктерін тіліп өзіне зиян келтіру әрекеттерін жасады.
Мекеме әкімшілігі жедел жәрдем мен жедел-тергеу тобын шақыруды жүзеге асырды.Барлық зардап шеккен сотталғандарға уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіз орынға ауыстырылды.
Өзіне зиян келтіру фактілері тіркеліп, тексеру шаралары жүргізілуде.
Сапар аясында Ыстамбұл хаттамасының қағидаттарын сақтай отырып, өкіл сотталғандарға сауалнама жүргізіп, медициналық тексеру ұйымдастырды. Сауалнама барысында олар мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне: психологиялық және моральдық қысымға, мемлекеттік органдарға өтініштер жіберуден бас тартуға, сондай-ақ күн тәртібін сақтауға (төсек салуға) мәжбүрлеуге шағымдарын айтты. Азаптау мен ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайтын шағымдар түскен жоқ.
Сотталғандардың барлық шағымдары өкіл тарапынан сол күні дереу прокуратура органдарына тексеру ұйымдастыру және процестік шешім қабылдау үшін жолданды.
Сол күні сотталғандардың барлық шағымдары өкіл тарапынан прокуратура органдарына тексеруді ұйымдастыру және прецестік шешім қабылдау үшін дереу жолданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1001579?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау