1 мамыр күні ауданның орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Қуаныш пен достық атмосферасында қонақтарды Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған “Бауырсақ фест” жәрмеңкесі қарсы алды. Ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен қонақжай үй шаруасындағы аналарымыз ұлттық тағамдармен барша жұртты қонақ етті. Бұл мәдени алуандық пен елімізде тұратын халықтардың гастрономиялық мұрасын паш етті.
Мерекелік бағдарламаны жүргізушілердің құттықтау сөзі мен осы айтулы күнге арналған салтанатты тілектер ашты. Басты сахнадан аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаев сөз сөйлеп, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығында Мемлекет басшысының айтқан келесі сөздерін келтірді:
«Халық бірлігі – біздің басты құндылығымыз. Біз тек бірлесе отырып қана қуатты әрі өркендеген мемлекет құра аламыз».
Аудан басшысы ауыл тұрғындарын және барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, мұндай іс-шаралар рухани бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға септігін тигізетінін айтты.
Бағдарлама орталық аудандық аурухананың шығармашылық ұжымы дайындаған жарқын концертпен жалғасты. Көрермендер бесікке салу секілді қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен қойылымдар мен асық ату ойынынан көрсетпелі жарыстарын тамашалады.
Мерекенің екінші бөлігінде “Қазаночка” және “Задоринка” халық вокалдық топтарының жеке концерті халыққа паш етілді. Олар өз репертуарынан бірқатар халық әндерін орындап, көрермендерге жағымды көңіл-күй сыйлады.
Ары қарай аудан әкімі бастаған арнайы делегация “Бауырсақ фест” көрме павильондарын аралап, ұсынылған тағамдарға баға берді. Ең үздік аспаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік іс-шара спорттық атмосферада аяқталды – аудан әкімінің марапатына және Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі Қазақ күресінен аудандық”Ақжар барысы” турнирі өткізілді. Айта кететін жайт, биылғы жарыс жаңартылған форматта ұйымдастырылып: оған 55, 60, 66, 74 және 82 кг салмақ дәрежелері қосылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar/press/news/details/1000227?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау