Сабантой-2025

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Шығыс Қазақстан Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы оқу жылының аяқталуына және көптен күткен балалардың жазғы демалыстарына арналған «Сабантойы-2025» мерекелік шара өткізді.

Сабантой -2025 ашылу салтанатында    ұлттық киіммен жарасымды киінген кітапханашылар сүйікті оқырмандарын мерекелік керуенмен қарсы алды.

Мереке ойындар мен әндерге, ертегілер мен жұмбақтарға, шытырман оқиғаларға толы болады. 

«Оқысаң өкінбейсің» атты мерзімді басылымдар мен кітаптар  көрмесі  балаларға жазда оқуға әдебиеттерді ұсынып, таныстырылды.

Сабантойда балалар ою-өрнектер жасаудан шеберлік сағат өтті. «Сиқырлы бояулар» үйірмесінің жас суретшілері «Көңілді жаз» атаумен  қиялдарына қанат бітіріп,  суреттер салды.  Балақайлар  «Робинзон аралында» шытырман ойындар ойнады.  Шарада әндер шырқалып, «Менің атым Қожа» фильмі ашық аспан астында көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1001557?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version