Сеулде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сеул, 2025 жылғы 21 мамыр – Оңтүстік Кореяның астанасында Қазақстан мен Корея арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ жаңа серіктестіктерді қалыптастыруға және корей кәсіпкерлерді «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңы арқылы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған AIFC Connect бизнес іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға музыкалық және кино индустриясының продюсерлері мен сарапшыларын, сондай-ақ нақты экономика және қаржы секторы өкілдерін қоса алғанда, Оңтүстік Кореяның 50-ден астам компаниясының өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов өз сөзінде екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті. Елші Корея Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі екенін және сауда, инвестиция, туризм және өзге де салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда салықтық және кедендік жеңілдіктер, инвесторлардың құқықтарын сенімді қорғау және өңірлік нарықтарға қолжетімділік сияқты қолайлы жағдайлардың бар екенін айтып, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді. Елші кореялық бизнес өкілдеріне Қазақстанға сапармен келіп, серіктестіктің перспективалы бағыттарымен жақынырақ танысуды ұсынды.

Сеулдегі іс-шарада талқылаудың орталық тақырыбы қаржы орталығының зияткерлік меншікті қорғау саласындағы озық құқықтық базасы және мәмілелерді үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес құрылымдай алу мүмкіндігі ескеріле отырып, АХҚО-ның креативті индустрияны дамыту мүмкіндіктері болды. Сондай-ақ, Қазақстандағы экономиканың нақты секторының жобаларына инвестиция салу үшін қаржы орталығының әлеуетіне назар аударылды.

 «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Ренат Бектұров атап өткендей: «АХҚО Жаһандық қаржы орталықтарының индексіне (GFCI) сәйкес Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның жетекші қаржы орталығы ретінде шетелдік инвесторларға Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар ұсынады».

AIFC Connect аясында қазақстандық тарап Сеулдің кәсіпкерлеріне АХҚО-ны жаһандық деңгейдегі экономикалық хаб ретінде таныстырып, қаржы, өнеркәсіп, инфрақұрылым және креативті индустрия салаларындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін ұсынды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов: «Қазақстан креативті секторды стратегиялық және экономиканы әртараптандырудың бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, оны дамытуға ерекше мән беруде. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастықтың бай тарихын атап өтіп, креативті экономиканың екіжақты қарым-қатынасты жаңа серпінді деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Қазір АХҚО-да Корея капиталының қатысуымен 18 компания тіркелген. Олар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, қаржылық қызметтер және сақтандыру, әкімшілік және қосалқы қызметтер, құрылыс және т.б. салаларға тиесілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1002057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version