Жарма ауданының қыздар құрамасы облыстық турнирде жүлделі үшінші орынды иеленді.
2025 жылғы 16-18 мамыр күндері Абай облысы, Ақсуат ауданында спорт ардагері Ғабдуллин Маулетті еске алуға арналған волейболдан 2008-2010 жылы туған қыздар арасындағы ашық облыстық турнирі өтті. Жарысқа жалпы саны 11 команда қатысты.
Аталған турнирде Жарма ауданының құрама командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұл жетістік – жас спортшылардың табанды дайындығы мен жаттықтырушылар еңбегінің жемісі. Турнир қорытындысы бойынша:
1 орын – Семей қаласының командасы;
2 орын – Семей қаласының екінші командасы;
3 орын – Жарма ауданының құрамасы.
Мұндай жарыстар жасөспірімдер арасында спортты дамытуға, командалық рух пен салауатты өмір салтын насихаттауға зор ықпал етеді. Жарма ауданының спортшыларына алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zharma-qalbatau/press/news/details/1000979?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау