Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
– Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр. Талантты музыканттарымыз әлемдік сахналарда табысты өнер көрсетіп жүр. Қазақ киногерлері түрлі халықаралық байқауларға қатысып, сарапшылардың жоғары бағасына ие болуда. Елордамызда Дүниежүзілік көшпенділер ойындары табысты өтті. Ақтау қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Рухани мұраларымыз цифрлық форматқа көшіріле бастады. Таяуда ұлтымыздың бір жарым мың ән-күйі мен фольклорлық мұрасы ең танымал халықаралық платформаларға салынды. Төл өнеріміз креативті индустрия арқылы барынша насихатталуда, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекет өнер саласын өркендетуге әрдайым ерекше мән береді. Өйткені мәдениеті озық елдің рухы биік болады.
– Былтырдың өзінде 45 жаңа мәдениет нысаны салынды. Бұл жұмыс болашақта да жалғасын табады. Театр – руханиятымыздың негізгі тірегінің бірі. Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында аймақтағы театрларды дамыту туралы нақты тапсырма берілді. Театрлардың көпшілігі толық жаңғыртуды қажет етеді. Кейбіріне жаңа ғимарат керек. Осы жұмысқа кәсіпкерлер мен меценаттарды жұмылдырған абзал. Бұл – әлемде кең таралған тәжірибе. Мұндай жобаларға инвестиция салуға дайын азаматтар аз емес. Мен бизнес өкілдерін руханиятымызды дамыту ісіне атсалысуға шақырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Толығырақ: t.me/aqorda_resmi
———————–
Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения работников культуры и искусства
В преддверии профессионального праздника работников культуры и искусства в Акорде состоялось торжественное мероприятие. Президент выразил признательность деятелям культуры отрасли, которые вносят неоценимый вклад в обогащение духовного мира, сохранение самобытности нашего народа.
– Культура определяет облик нации. Весь мир знакомится с нашей страной, прежде всего, через наше искусство. Мы – прямые наследники уникальной культуры Великой степи. Непревзойденные произведения, созданные на казахской земле, сыграли важную роль в формировании национальной идентичности. Ныне наша самобытная культура обретает всемирное признание. Наши талантливые музыканты достойно выступают на самых престижных мировых сценических площадках. Казахстанские кинематографисты, участвующие в различных международных фестивалях, получают высокую оценку экспертов. В Астане успешно прошли Всемирные игры кочевников. Город Актау был объявлен культурной столицей тюркского мира. Кроме того, начался перевод нашего духовного наследия в цифровой формат. Недавно на самые популярные международные платформы было загружено полторы тысячи кюев, песен, лучших образцов фольклорного наследия нашего народа. Популяризация национального искусства осуществляется и через креативную индустрию, – сказал Президент.По словам Касым-Жомарта Токаева, государство неизменно уделяет особое внимание развитию сферы искусства, поскольку от уровня развития культуры зависит и состояние духовности в стране.
– Только в прошлом году построено 45 новых объектов культуры. Эта работа получит свое продолжение. Одним из главных столпов нашей духовной жизни является театр. На заседании Национального курултая в Бурабае поручено сделать упор на развитие театров в регионах. Большинство театров нуждаются в капитальном ремонте, некоторым нужны новые здания. Считаю целесообразным привлечь к данной работе предпринимателей и меценатов. Это распространенная практика во всем мире. Желающих инвестировать в такие проекты немало. Призываю представителей бизнеса принять участие в развитии нашей духовности, – отметил Глава государства.
Подробнее: t.me/aqorda_resmi

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1000525?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version