АУДАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін аудан аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – қоғамда әділдік, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Нұржахан Ермағамбетқызы сөз сөйлеп, жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны мен салдары жөнінде кеңінен түсіндірді. Семинар барысында қатысушылармен ашық пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1007544?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау