Балаларды қорғау күні қарсаңында Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің балалалары арасында сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – балаларды патриотизмге баулу, Отанға, еліне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін арттыру. Байқаудың шарты бойынша 6-12 жас аралығындағы балалар қатыстырылып, жалпы 30-ға жуық балалардың суреттері ұсынылды.
Ірітеу барысында суреттердің тақырыпқа сәйкестігі, жұмыстың көрнекілігі бағаланды.
Байқау қорытындысымен:
І орын – Ақтілек Талапұлы (8 жас),
ІІ орын – Омар Ясин Асланбекқызы (6 жас),
ІІІ орынды – Жолдас Нұрсая Бекболатұлы (11 жас) иеленді.
Айта кетейік, жеңімпаздар 29 мамыр күні Атырау қаласы Исатай-Махамбет алаңында өтетін көрмеде марапатталатын болады.
Атырау облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1006577?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау