БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ-БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 27 мамырда Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

   Әкімдік ғимаратының үлкен мәжіліс залында ұйымдастырылған жиында балалардың құқықтарын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Комиссия отырысында төмендегі өзекті тақырыптар талқыланды:

   Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу жолдары; 

   Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларды ерте анықтап, уақтылы қолдау көрсету тетіктері.

  Кездесу барысында қатысушылар балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта құру, қажетті көмек көрсету механизмдерін жетілдіру және мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелерін сөз етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1007366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version