Балалар үні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінгі күнді оқу-ағарту министрлігі “Балалар үні” деп жариялаған еді. Соған орай, Жыңғылды ауылының әкімі Әсет Маратұлы ауылымыздағы Есір Айшуақұлы атындағы ЖББМ-нің 6-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде оқушылар өз жетістіктері, болашаққа деген армандары және табысқа жету жолындағы іс-әрекеттерімен бөлісті. Балалардың дарыны мен талпынысы – болашағымыздың кепілі.

Сонымен қатар, Балалар ауылдағы өмір сапасын жақсарту бойынша ұсынатын идеяларымен бөлісіп, өз ұсыныстарын жеткізді. Әрбір баланың үні маңызды, оны есту – біздің парызымыз.

Кездесу соңында балаларды келе жатқан 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға жарқын болашақ, биік белестер, сарқылмас шабыт тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhyngyldy-district/press/news/details/1005589?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version