Ерлік іс санадан өшпейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Халықаралық балаларды қорғау  күні қарсанында Жамбыл облысының құтқарушылары балаларымен бірге «Даңқ» мұражайына барып, тағылымды экскурсияға қатысты. Қонақтар Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар туралы мағлұмат алып, сол кезеңдегі қару-жарақтарды, сарбаздар киімін, тұрмыстық заттарды және басқа да тарихи жәдігерлерді тамашалады.

     Экскурсия барысында ерекше әсер қалдырған зал — Ұлы Отан соғысының ардагері, панфиловшы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігіне арналған бөлім болды.

 

Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1007588?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version